00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордалық нейрохирургтар 2 сатылы күрделі ота жасады

14.02.2024 | 14:15
46
Фото: дереккөзден

Ми тамырларының аневризмасына ота жасау мамандардың жоғары біліктілігін және заманауи медициналық жабдықты қажет ететін ең күрделі хирургиялық араласулардың бірі саналады. 

«Егер ота ақылы түрде жүргізілгенде оның құны 10 млн теңгеден асып кеткен болар еді» - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы.

Теміртаудан келген 74 жастағы пациенттің айтуынша, 2023 жылдың жазынан бастап ауыра бастаған. Дәрігерлер МРТ және селективті церебральды ангиографияға түсіру нәтижелері негізінде пациентте мидың көптеген аневризмаларын, сол жақ ішкі ұйқы артериясының кавернозды-параклиноидты сегментінің 50,3*48,2 мм көлемдегі фузиформды аневризмасын, оң жақ ішкі ұйқы безінің параклиноидты сегменті артерияларияларының 16,5*14,5 мм көлемдегі кездейсоқ фузиформды аневризмасын анықтады. 

Өте көлемді аневризма бар пациенттің клиникалық және неврологиялық статусын ескергенде, аневризманың жарылу қаупі өте жоғары болды. Сондай-ақ аневризманың эмболизациясы кезінде тамырдың окклюзиясының қаупі жоғары еді. Консилиум кезінде Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері отаны 2 кезеңде жүргізу туралы шешім қабылдады.

Пациенттің өзі атап өткендей, ол өзін әлдеқайда жақсы сезінеді және отаның нәтижесіне риза. 

«Маған ота жасаған барлық дәрігерлерге алғыс айтамын. Қарағандыда маған ота жасалмады, ауыр жағдай деп, осы орталыққа жіберді. Мен осы жерде ем қабылдағаныма ризамын. Менде қазір бәрі жақсы», – деді пациент Нақыпбек Данбаев.

Бұл отаны Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің жетекші нейрохирург дәрігері Шыңғыс Нұриманов жасады. 

Нейрохирург дәрігер Шыңғыс Нұримановтың айтуынша, көп жағдайда аневризма байқалмайды, және адам кез-келген уақытта өліп кетуі мүмкін екенін білмей жылдар бойы өмір сүре алады.

«Аневризма жарылғанға дейін адам ыңғайсыздық пен мазасыздық белгілерін сезінбейді. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау үшін адам кем дегенде бір рет МСКТ – мультиспиральды компьютерлік томография жасату қажет», - деді нейрохирург-дәрігер.

Барлық жаңалықтар