00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Елімізде қызылшамен ауырғандар саны төмендеді – министрлік

23.05.2024 | 17:35
Сабина Кәкімжан
98
Елімізде қызылшамен ауырғандар саны төмендеді – министрлік
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Науқастардың арасында көкжөтелмен ауырғандар 55%-ға, қызылшамен ауырғандар 60%-ға төмендегені байқалады. Бұл ретте сырқаттанушылық негізінен вакцинацияланбаған балалардың арасында тіркеледі. Жоспарлы профилактикалық егулмен қамтудың ай сайынғы мониторингі жүргізіледі. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны аяқталуда, оның барысында бүгінде 1,4 млн астам адам егілді, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам бала егілді.

Ата-аналардың назарын балаларды уақтылы иммундау қажеттілігіне аударамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда профилактикалық егуді алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз. Көкжөтел мен қызылша ауруының белгілері пайда болған кезде Денсаулық сақтау министрлігі дереу медициналық көмекке жүгінуге және өзін-өзі емдемеуге шақырады, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар