00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петицияға қанша қол жиналды?

10.05.2024 | 15:27
88
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петицияға қанша қол жиналды?
Фото: gov

Қазақстан аймақтарындағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ресми платформада жарияланған петиция үш аптаның ішінде 100-ден сәл ғана астам қол жинады, деп хабарлады Elorda.Info.

Петицияда қазақстандықтардың биоритм мен жұмыс, оқу және демалу кестелерінің сәйкес келмеуі салдарынан физикалық және психологиялық жайсыздықтар байқала бастағаны, соның салдарынан шаршаудың артуына, өнімділіктің төмендеуіне және ұйқы сапасының нашарлауына әкеп соққаны атап өтілген. Әзірге петиция көпшіліктің көңілінен шықпай отыр: азаматтар тарапынан қолдау таппағандықтан немесе қазақстандықтардың оның бар екенін білмегендіктен.

Айта кетейік, басқа бейресми платформаларда біртұтас уақыт белдеуіне көшуді тоқтату туралы петициялар мыңдаған дауыс жинады, бұл мәселе әртүрлі чаттар мен әлеуметтік желілерде әлі де қызу талқылануда.

Өтінішті мемлекеттік орган қарауы үшін оны кемінде 50 мың адам қолдауы керек. Петиция 2024 жылдың 4 қарашасына дейін жарамды.

Барлық жаңалықтар