00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

06.04.2023 | 15:17
61

«Дикий Арман» лақап атымен танылып кеткен Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзарды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д. қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиев ұсталған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын. 

Барлық жаңалықтар