00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Демалыс күндері ауа-райы қалай болады?

23.09.2023 | 02:30
55
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер аптаның демалыс күндеріне қатысты ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Казгидромет» мекемесінің мәліметінше алдағы тәуліктерде батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысы мен Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Солтүстік облыстар мен, Қарағанды ​​облысында жаңбыр жауады, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде нөсер жауынболады. Сонымен бірге таулы аймақтарда дымқыл ауа райы болып, арты қарға айналуы мүмкін. 

Еліміздің  солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін аяз болады. 

Батыс Қазақстанда күндіз ауа 25-30 градусқа дейін жылынады. Солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін көтеріледі, 

Республиканың шығысында 7-13 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, айдың соңғы аптасында республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде +5...+13°С-тан 0... +5°С, 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін,  

Ал, оңтүстік аймақтарда күн әлдеқайда жылы, кей күндері ауа күндіз +20...+25°С-тан +28...+33°С-қа дейін көтеріледі.

Барлық жаңалықтар