00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Бишімбаев бейнебақылау камераларындағы видеоны өшіру себебін айтты

03.04.2024 | 16:05
Сабина Кәкімжан
110
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Сот отырысында экс-министр бейнебақылау камераларындағы видеоны өшіруді талап ету себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Мен көліктің кілтін және Салтанаттың ұялы телефонын таба алмадым. Бақытжанға оның ұялы телефоны көлікте екенін айттым. Прокурор мен өз-өзімді қорғау мақсатында телефонды үйге апаруды сұраған деп отыр. Егер солай болса, онда мен өзімнің қалта телефонымды апаруымды айтар едім, - деді Бишімбаев сотта.

Сондай-ақ экс-шенеунік бейнебақылау камераларындағы видеоны өшіру себебін айтты.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшіруді мен айттым. Сол арқылы Салтанаттың өлімін жасыру ойымда болмады. Ондағы мақсатым – телеграм каналдарда тарап кетпеуі. Өйткені кез келген күзетші бұл жазбаны таратып жіберуі әбден мүмкін. Жазбада Салтанат екеуіміздің көшеде ұрысқан  және оны ұрған сәттер бар.  Егер қажет болса, бұл жазбаларды телеграм-каналда біреулерге сатып жіберуге болады. Сондықтан бейнежазбаларды өшіруді сұрадым, - деді күдікті.

Барлық жаңалықтар