00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Балалардың жазғы лагеріне қандай талаптар қойылады?

25.05.2023 | 20:30
164
Фото: Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният каникулда балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Денсаулық сақтау министрлігі каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда медициналық қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді, сауықтыру мекемелерінде балалардың жағдайының қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырады, деп жазады inform.kz.

Әкімдіктердің мәліметінше, биыл жазғы маусымда 12 мыңға жуық лагерь, оның ішінде 11 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, 236-ға жуық қала сыртындағы сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда, онда 1 млн 600 мыңнан астам бала демалады. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде балаларды медициналық тексеру, оның ішінде иммундық статусы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар беру, инфекциялық науқастармен байланысы жоқтығын тексеру ұйымдастырылады, - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қала маңындағы лагерлерде 400-ге жуық медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, сауықтыру мекемелеріне қойылатын негізгі талаптар да бар.

Балалар келгенше барлық қала сыртындағы лагерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Тамақ дайындау және тамақтану шарттары мен қауіпсіздігі, су қоймалары мен бассейндерді қоса алғанда, тұру және демалу жағдайлары, ауыз су қауіпсіздігі тексеріледі. Аумақ пен үй-жайлар кеміргіштерге, жәндіктерге, кенелерге және қан сорғыштарға қарсы тазартылуы керек, - деп түсіндірді А. Ғиният.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде балаларды қала сыртындағы лагерлерге қабылдауға жол берілмейді.

Жазғы лагерді таңдау кезінде ата-ананың әрекеттері аса маңызды. Ата-аналарға министрлік сайтында, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің сайттарында қорытынды алған қала сыртындағы лагерлер туралы ақпаратты пайдалануды ұсынамыз. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі телефонына хабарласуға болады, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Барлық жаңалықтар