00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Азаматтардың электронды қатысу рейтингісінде еліміз 15-ші орында

25.01.2024 | 15:00
76
Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Әсет Тұрысов БҰҰ  даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік бюросы директорының орынбасары Хартман Никпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында Әсет Тұрысов «Қазақстанның электрондық үкіметі», eGov мобильді қосымшасы және Invisible Government тұжырымдамасы аясындағы проактивті сервистердің жетістіктері туралы айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейлік, теңсіздік және климаттың өзгеруі салдарынан туындаған әділетсіздікпен күресетін БҰҰ-ның жетекші ұйымы болып табылады. 170 ел мен аумақтағы сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен жұмыс істей отырып, адамдар мен планета үшін интеграцияланған, тұрақты шешімдерді жасауға көмектеседі.

БҰҰДБ Қазақстандағы цифрлық индустрияның дамуына үлес қосуда. «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Мун «Smart Data Ukimet» және «Отбасының цифрлық картасы» жобаларын көрсетті, - деп жазды дереккөз. 

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік аренада электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша 193 елдің ішінде лайықты 28-ші орынды, киберқауіпсіздік бойынша – 31-ші орынды, азаматтардың электронды қатысу рейтингісінде Қазақстан 15-ші орынды иеленді.  

 Кездесу соңында Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының Аймақтық бюросы директорының орынбасары Ник Хартманн Govtech мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын жоғары бағалады, сонымен қатар ол «Отбасының цифрлық картасы» проактивті қызметінің халыққа ыңғайлылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар