00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық теміржолшылар династиясы рекордтар кітабына енді

24.09.2023 | 12:36
44
Фото: «Хабар» агенттігі

Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа (ҚАэА) жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Elorda.info   «Хабар» телеарнасына сілтеме жасап. 

«Хабар» телеарнасында Еңбек күніне орай тікелей эфирде өткен «Адал еңбек» телемарафонында еңбек өтілінің жиынтық саны 616 жылды құрайтын әулетке КИНЭС сертификаты берілді.

Еңбек күні аясында «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде ұйымдастырылған 4 сағаттың телемарафон Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа рекорд тіркеумен басталды. Анықтамалыққа жиынтық еңбек өтілі 616 жылды құрайтын Тұқыбаевтар әулеті енді. Теміржолшылар отбасының 27 мүшесі өмірін теміржолмен байланыстырыпты. 

Аталарымыз 1930-жылдары Түрксіб теміржолы құрылысына қатысқан. Содан бері біздің әулет темір жолда жұмыс істеп келеді. Бізге теміржол тарсылынсыз өмірді елестету қиын»,- деп ойымен бөлісті әулеттің мұрағатын мұқият жинастырып, құжаттарды хаттап жүрген,- дейді әулет мүшесі Құралай Маликриян. 

«КИНЭС» рекордтар кітабына ерекше, бірегей адамдар кіреді. Және онда рекорд тіркелу үшін міндетті түрде құжаттармен делелденген болуы керек»,- деп КИНЭС ресми өкілі Қуандық Қудайбергенов ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа тіркелудің шарттарын атап өтті.

Тұқыбаевтар әулетінің жиынтық еңбек өтілі 616 жылдан да көп болуы мүмкін. Алайда ресми құжаттармен дәлелденгені - осы.

Барлық жаңалықтар