00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда базарлар саны азайып келеді

25.04.2023 | 18:00
39

1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.  

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында. 

Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар). 

335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген.

Барлық жаңалықтар