00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда қанша көше Абай есімімен аталады?

10.08.2023 | 08:30
50
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде Абай Құнанбайұлының атымен аталатын бірнеше нысан бар, деп хабарлады Elorda.info.

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1 441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.

Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

Барлық жаңалықтар