00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан мұнайы Джейханнан Румынияға жөнелтіле бастады 

23.04.2023 | 12:14
44

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның Джейхан портына барып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі Румынияда орналасқан PETROMIDIA мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту барысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін біз отандық мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиғаның куәгері болып отырмыз. Мемлекет басшысының Қазақстан мұнай тасымалының жаңа бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөлетіні кездейсоқ емес. Бұл тұрғыда әзербайжандық SOCAR компаниясымен жасалған келісімнің іс жүзінде орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр, - деді жөнелтуді бастау рәсімі кезінде М.Мырзағалиев. 

Сонымен қатар ҚМГ басшысы іс-шараға қатысқан «Теңізшевройл» компаниясының басшылығына Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау шарттары бойынша табысты жүргізілген келіссөздер сериясы үшін алғысын білдірді.

Джейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС-не тиесілі отандық ALATAU танкері тасымалдайтынын атап өткен жөн. Ол мұнай Румынияның Констанца порты бағытына жөнелтіліп, Petromidia мұнай өңдеу зауытына түсіріледі. 

191c2f84-7dde-43c6-9a72-27a7fa702a1c.jpg

Ақтау – Баку – Джейхан маршруты бойынша жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде мұнай транзиті туралы бес жылдық келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Әзербайжанның SOCAR компаниясы өткен жылдың соңында қол қойды. Биыл наурыз айында Қазақстан мұнайы Ақтау – Баку бағыты бойынша жөнелтіле бастады. Тасымалдауға қазақстандық және әзербайжандық флоттар паритеттік негізде жұмылдырылды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтау портынан 86 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Барлық жаңалықтар