00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Қауіпсіз жол»: Жол ережесін бұзған 13 мың адам ұсталды

07.02.2024 | 03:27
49
Фото: дереккөзден

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Іс-шараға 10 мыңға жуық полицей, оның ішінде патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде барлығы 3 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды.

«Бір күн ішінде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 98, басқару құқығынсыз – 35, жүргізуші құқығынан айырылғаны үшін – 7, жылдамдықты асырғаны үшін – 3626, қарсы жолаққа шығу – 16, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін – 651, авариялық жағдай жасағаны үшін – 107, жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермегені үшін – 263, бағдаршамның қызыл шамына тоқтамағаны үшін – 171 жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1280, телефон қолданған – 702, көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізбеген– 516, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген – 112, жол қозғалысы ережелерін бұзған 1851 жаяу жүргінші, еңбек және демалыс режимі ережесін бұзған – 4, көлікті заңсыз қайта жабдықтаған – 124, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген  8 жүргізуші анықталды», - деді ІІМ. 

Айта кетейік, жедел іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар