00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Атырауда жаңа интернет-радио ашылды

06.09.2023 | 15:00
36
Фото: дереккөз

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан діни, рухани-танымдық бағыттағы «Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Aтырау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ашылған радио ҚМДБ Атырау облысы өкілдігімен бірлесе жұмыс істейді.

Радионың арнайы ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және Сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты,- делінген муфтият таратқан ақпаратта. 

Шараны ашқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамға пайдалы ақпараттармен насихаттауда радионың орны зор екенін атап өтті.

Адамға насихат ең бірінші құлақпен есту арқылы жетеді. Сол себепті жаңа істеріңіз берекелі болсын,- деп батасын берді.

Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Қаһарман Рахметұлы дін саласындағы өзекті мәселерді имамдарымыз бен бірлесе отырып шешуде жаңа жобалар жалғасатынын айтты. 

Барлық жаңалықтар