00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған блогер ұсталды

23.02.2024 | 08:57
65
Фото: дереккөзден

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, блогер азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Кейін видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ, ол ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киімнің қалтасынан 20 мың теңге ұрлағаны белгілі болды. 

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар