00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

11.04.2024 | 09:14
52
Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді
Фото: дереккөз

Атырау облысы аумағында 1 сәуірден бастап «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады Elorda.info.

Өңір полициясы балықтың заңсыз айналымымен байланысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына» тапсырылды, - делінген ІІМ хабарламасында.

Барлық жаңалықтар