00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу ұят»: Танымал коуч жігіттерді сынға алды

04.05.2024 | 11:32
83
«30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу ұят»: Танымал коуч жігіттерді сынға алды
Фото: дереккөз

Танымал психолог, коуч, сарапшы Роза Әшірбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарымен әңгіме барысында жастары 30-35-ке жеткенше айтарлықтай жетістікке жете алмаған кейбір жігіттер туралы сөз қозғады, деп хабарлады Elorda.info

  Жасы 30-ға толған еркек үй алу үшін ақша жинап автобуспен жүрсе, түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе, онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Айлығын үш күнде жаратып, ішіп-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса, ондай жігіттерге «жарайсың!» деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят! Қыздарға қарағанда жігіттердің қолы бос. Студент кездерінде түк ойламай жүреді. Сосын көзді ашып-жұмғанша 30 жасқа толғанын сезбей қалады. Мақсаты айқын болуы керек, – деді коуч.

 Психологтың бұл пікіріне желі қолданушылардың басым бөлігі қарсы пікір жазды. Тіпті кейбіреулері коучтың осы жолы  «артық қыламын деп тыртық», қылғанын жазып жаттты.

 «Жақсы көрген жігітті автобуспен жүресің деп тастап кетпейтін шығар?», «Роза осы жолы артық қылам деп, тыртық қылды», «Ақыл айттым деп отырсың ба?», «30-дан асқан жігіт самокатпен жүрсе де, өзі біледі», «Талқылайтын басқа мәселе жоқ па?», «Автобусқа ақшасы бар, соған қуану керек», «Кейбір жігіттердің үйі жоқ, ол ұят емес», – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Барлық жаңалықтар