00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

03.05.2024 | 12:13
182
Алматы облысында жалған полицей ұсталды
Фото: видеодан скрин

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған, деп хабарлады Elorda.info.

Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтқан.

Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады, - делінген ІІМ хабарламасында.

Барлық жаңалықтар