00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық 200 үлескерлердің ақшасын жымқырған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

23.04.2024 | 14:01
68
фото: gov.kz

Бүгін Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді саламын және сатамын деген желеумен 200-ден астам үлескердің ақшасын жымқырған. Келтірілген шығын 4,3 млрд теңгеден асады.  

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалауына байланысты оған халықаралық iздеу жарияланған.

Өткен жылдың қараша айында Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша ол Ресейде ұсталып, экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар