00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанадан жөнелтілген көмек Батыс Қазақстан облысына жетті

08.04.2024 | 09:44
Елорда ақпарат
76
Астанадан жөнелтілген көмек Батыс Қазақстан облысына жетті
Фото: Оңалхан Өнерхан

AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалықтар жинаған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен қатар, балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер, резеңке етіктер, тұрмыстық заттар және т.б. керек-жарақ дүниелер бар.

Астанадан жөнелтілген гуманитарлық көмек Оралға жетті. Айналдырған 15-20 минуттың ішінде жастар жүк көлігіне тиелген азық-түлікті түсіріп, қоймаға кіргізіп үлгерді. Енді Қырғызстан мемлекеті жолдаған көмектің алғашқы легі келеді, – деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ AMANAT партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева Астанадан БҚО-ға 28 тонна гуманитарлық көмек жеткізілгенін айтып, партияластарына алғысын білдірді.

Әріптестеріміз зардап шеккен тұрғындарға жіберген гуманитарлық жүк көлігін күтіп алдық. Барша қолдау білдірген азаматтарға үлкен алғыс айтамыз, – деді ол.

Барлық жаңалықтар