00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанадан 2500 қорап темекіні Еуропа елдеріне заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

01.06.2023 | 12:30
46
Фото: ашық дереккөз

Мамыр айында елордалық кеден қызметкерлері темекі өнімдерін Еуропа елдеріне заңсыз әкету схемасын тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Өнімдерді күдіктілер халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жалған құжаттарды пайдалана отырып және тұрмыстық жабдықтардың конструкцияларында кэштерді пайдалану арқылы кедендік бақылаудан жасыруға тырысты. Ұсталған өнім: жалпы құны 1 миллион 750 мың теңге болатын 2500 қорап темекі. Осы факті бойынша материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Астана қаласы бойынша МКД Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Барлық жаңалықтар