00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

16.04.2024 | 08:30
63
Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

17-21 сәуір аралығында Астанада «Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Eurasian Book Fair» – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара, ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы.

«Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету;

- халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;

- кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру;

- әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.

Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.

Іс-шара туралы қосымша ақпаратты сайттан көруге болады  www.eurasbook.com.

Барлық жаңалықтар