00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада 231 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

08.02.2024 | 05:28
51
Фото: дереккөзден

Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс жасады деген айып тағылған күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды. Бұған дейін Қызылорда қаласында оның тағы бір сыбайласы Р.Қ.Қаржауов қолға түскен болатын. 

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары бірнеше адаммен келісіп, азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекетінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілді», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.  

2022 жылдың мамыр айында Сүлейменовке іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Барлық жаңалықтар