00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Анталияда Қазақстандық іскер адамдар қауымдастығы құрылды

28.12.2023 | 11:30
38
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығының қолдауымен Қазақстандық іскер адамдар қауымдастығының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қауымдастық Анталияда тұратын қазақстандықтардың бастамасымен ҚР азаматтарын ерікті негізде біріктіру және жалпы бейімделу мәселелерінде отандастарға көмек көрсету, соның ішінде ана тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдау мақсатында құрылған.

Қауымдастық президенті Динара Мырзағалиева жаңа қауымдастықтың қызметін дамыту жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, жақын арада қазақ тілі мен Қазақстан тарихын тегін негізде оқытатын курстарды ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Іс-шараға Алания мен Ыстанбұлдағы қазақстандық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Анталиядағы бірқатар шет елдері қауымдастықтарының жетекшілері қатысты.

Барлық жаңалықтар