00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматыдағы апат: Құтқарушылар бір адамның денесін тапты

08.02.2024 | 04:57
24
Фото: ТЖМ

 Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматыда жылжыма түскен жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Оқиға орнында 182 маман мен 32 техника жұмыс істеп жатыр. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі. 

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Барлық жаңалықтар