00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматыда әйелге оқ атқан күдіктілер ұсталды

05.02.2024 | 10:11
35
Фото: дереккөзден

Бүгін Telegram арналарының бірінде алматылық әйелге оқ атылғаны туралы видео жарияланған болатын. Видео авторының айтуынша әйелдің бұрынғы күйеуі оған от атқан.  Осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық полициясы түсініктеме берді.

«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды»,-деп хабарлады Полиция департаменті.

Оқиғаға қатысты әзірге өзге деректер жарияланбаған. 

Барлық жаңалықтар