00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан 7 адам ұсталды

20.11.2023 | 08:30
44
Фото: polisia.kz

Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаумен айналысқан топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, биыл 11 наурызда Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған, – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр. 

Ұсталғандар қамауға алынды. 

Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деді Дулат Қайыр.

Барлық жаңалықтар