00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Алматы облысында қара нарықтағы құны 150 млн теңгеден асатын есірткі тәркіленді

13.02.2024 | 08:43
43
Фото: www.gov.kz

Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйлердің бірінде психотроптық заттар шығаратын зертхана анықталды. 

«1995 жылы туған Қазақстан азаматы есірткі дайындау үстінде қолға түсті. Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға тең 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден асады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.  

Барлық жаңалықтар