00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтауда 1 млрд теңге ұрлаған қаржылық пирамида басшысы ұсталды

22.01.2024 | 10:30
53
Фото: дереккөзден

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қаржылық пирамида басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды», - деді Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды. Залалдың жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Барлық жаңалықтар