00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

73 жастағы жиһангер әлемді шарлайды

02.08.2023 | 04:00
69
Фото: дереккөз

Бұған дейін бүкіл Қазақстанды жаяу аралаған Сәрсенбай Қотырашов енді бүкіл әлемге саяхаттамақшы, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Ол өзінің жорығын елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімге арнап отыр.

73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов - ұста және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші. Ол алты айдың ішінде ол алты айдың Қазақстанды жаяу аралап шықты. Саяхатшы барлығы 8 мың шақырымды еңсерген болатын.

Ол ыстық-суыққа шыдап, шаршап-шалдыққанына қарамастан, ұмытылған ұлттық мерекелер туралы құнды мәліметтерді жинап, әлемге қазақстандық қолөнершілер туралы деректер жинап шықты.  

Оның еңбегінің арқасында қазір ЮНЕСКО сайтында Қазақстанның мыңдаған шеберлердің деректері мен байланыс нөмірлері бар. Осылайша олар басқа елдердегі әріптестерімен байланыс орнатып, өз тауарларын онлайн сатуға мүмкіндік алады және көрмелер туралы мол мағлұмат жинайды.

Сәрсенбай Қотырашовтың келесі мақсаты – Стамбул. Жиһангер Түркия еліне бүгін Атыраудан аттанады. 

"Әзірге менің мүмкіндігім Түркияға бару үшін ғана жетіп тұр, бірақ мен өз жолымды жалғастыру үшін демеушілер іздеудемін. Содан кейін Еуропа елдерін аралап, одан соң Америкаға ұшып, сол жерде бірнеше штатты кесіп өтіп, әрі қарай мұхит асып, Қытайда жорығымды жалғастыруды жоспарлап отырмын", - деді ол.

Өзінің жорығын елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімге арнаған саяхатшы Стамбулға 2 айда жетуді жоспарлап отыр.

"Соғыстарда жеңімпаздар жоқ. Барлығы зардап шегеді. Сондықтан адамдарға тату-тәтті  көрші болып, өзара қолдау көрсетудің қажет екенін еске салу өте маңызды", - деген пікірде Сәрсенбай Қотырашов.

Барлық жаңалықтар