00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

ҰҚК шекарадан есірткі кіргізбек болған шетелдікті ұстады (ФОТО)

01.04.2023 | 00:15
Елорда ақпарат
45

ҰҚК есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік мінген көлікті тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі, - делінген хабарламада.

Факт бойынша, материал ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Барлық жаңалықтар