00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қазақстандықтар заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізе алады

31.03.2023 | 23:24
Сабина Кәкімжан
49

Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды, деп хабарлады Elorda.info.

Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Мұны Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлесіп жасады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Мәселен бұған дейін «Ашық НҚА» порталында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде, жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған. Алайда, жұртшылық бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтқан. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізіліп отыр, - деді ресми өкіл.

Барлық жаңалықтар