00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Балабақшалардағы қауіпсіздік жағдайы тексеріледі

31.03.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
17

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты еліміздегі балабақшалар тексеріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, министрліктің тиісті бұйырғында балабақшалардағы қауіпсіздік, сондай-ақ қандай бейнекамераларды орнату жөніндегі талаптар жазылған.

Қадағалау іс-шараларына тоқталсақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қаншалықты орындап жатқанын бақылау қадамдарын пысықтап жатырмыз. Бұл тұрғыда бейнекамерасы орнатылмаған немесе басқа да талаптарды елемеген балабақшалар анықталса, онда жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» палатасымен бірлесе тиісті іс-шараларды қарастырамыз, - деді Наталья Жұмаділдаева.

Естеріңізге салайық, 13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, өзімен қатарлас үш оқушыны жарақаттады.

Барлық жаңалықтар