00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды

31.03.2023 | 23:12
Елорда ақпарат
39

Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 18.30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.           

Барлық жаңалықтар