00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қаңтар оқиғасына қатысты барлық жайт жасырылмай, ашық айтылды – Марат Бәшімов

31.03.2023 | 21:41
Аяулым Алтынбек
39

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, заңгер Марат Бәшімов бір жыл бұрынғы қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Қаралы қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Елдігімізге сызат түсірген бұл оқиға тарих беттерінде өшпес із қалдырды. Бейбіт шеруге шыққан халықты өз мүдделері үшін пайдаланбақ болған теріс күштердің нені көздегені қазір анықталып жатыр. Олар діттеген мақсаттарына жету үшін елдігімізге қауіп төндіріп, арам пиғылдарын іске асыруды көздеді. Бірақ халқымыздың бірлігі мен Президенттің ұтқыр шешімінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық, - деді Марат Бәшімов. 

Оның айтуынша, кешегі Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты депутаттар сауалына берген жауабы толыққанды халықтың көңілінен шыққан. Заңгер қоғамның шындыққа көзі жетті деп санайды. 

Күні кеше Мәжіліс қабырғасында Бас прокурор мен құқық қорғау органдарының басшыларының қаңтар оқиғасына қатысты есебін тыңдадық. Жалпы алғанда есебі көңілімнен шықты. Менің ғана емес, халықтың да көңілінен шықты деген ойдамын. Заң тұрғысынан алғанда барлық тергеу амалдары әділ өткенін айта кеткім келеді. Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың негізгі себеп-салдары белгілі болды деуге болады. Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу нәтижелерін ашық түрде жариялау мемлекеттің, биліктің ашықтығын ғана емес, сонымен қатар олардың да осы қасіретті жағдайдың толыққанды зерттеп-зерделеуге мүдделі болғанын көрсетеді. Қоғамның шындыққа көзі жетті деген ойдамын. Халықтан ештеңені жасыруға болмайды, - деді заңгер.

Сондай-ақ Марат Бәшімов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық әрі объективті болуы үшін бар жағдайды жасаған.

Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке, халыққа жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін Президентіміз шетелдегі активтерді елге қайтару үшін бар жағдайды жасап жатыр. Бұл қоғамға, халыққа қатты ұнап отыр. Мемлекет бейбіт азаматтардың құрбан болғаны жайлы жасырмай айтып отыр. Қаза болғандардың санына қарап, қасіретті қаңтар оқиғасының қаншалықты ауқымды екенін түсінуге болады. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілген сияқты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық әрі объективті болуы үшін бар жағдайды жасап жатыр. Осылайша «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты барлық жайт жасырылмай, ашық айтылды. Мұны қоғам мен сарапшылар да көріп отыр, - дейді ол.

Аяулым Серікқызы

Барлық жаңалықтар