00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақмола облысындағы жолда қалған 60-тан астам адам құтқарылды

31.03.2023 | 21:39
Елорда ақпарат
61

Ақмола облысының автожолдарында күрделі жағдай сақталуда. Қарлы боран салдарынан облыс бойынша 13 республикалық маңызы бар және 23 облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Республикалық маңызы бар бекеттер мен автожолдар блогынан ТЖ департаменті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Атбасар, Жақсы және Целиноград аудандарының жылыту пункттеріне 65 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5-еуі – бала. Сондай-ақ, ТЖД күшімен техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен Ерейментау қаласындағы тұрғылықты жері бойынша төрт адам құтқарылып, жеткізілді, олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құтқарылғандардың ішінде жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖД азаматтарға ауа райының құбылмалылығына назар аударып, бақылау қажеттігін еске салады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтау қажет.

Барлық жаңалықтар