00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспаған – Бас прокурор

31.03.2023 | 21:39
Сабина Кәкімжан
41

Бүгін Қаңтар оқиғасы бойынша Мәжілісте арнайы отырыс өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжілістің жалпы отырысында баяндама жасаған Бас прокурор Берiк Асылов бұл оқиғаны мемлекеттiк төңкерiс жасауға әрекет деп бағалап, тергеу аяқталуға жақын қалғанын жеткізді.

Бұл күні қасиетті Тәуелсіздігімізге қатер төнді. Көптеген ірі қалалар ғимараттары өртке оранып, астаң-кестең болды. Басты қүндылығымыз адам өміріне  қауіп төнді. Президентіміздің қабылдаған батыл қимылдарының нәтижесінде ғана елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Ол күндері барлық заңдылықтардың барлығы бұзылды. Өкінішке орай қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті  қалыптаспағандығын мойындауымыз керек. Адамдар жиналып, көшеге шыққан кезде бейбіт митинг туралы заңның барлық нормасы бұзылды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей  мыңдаған адамды жинады. WhatsApp пен Telegram  арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуы мен қозғалысын үйлестірген, - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Жалпы отырыста Берік Асылов тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға, құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмағанын айтты.

Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болған. Барлық қаза болғандардың кім екенін, олардың өлім себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда, - деді Бас прокурор.

Бас прокурордың айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері қаруды Президент резиденциясын қорғау кезінде қолданған.

Құқық қорғау қызметкерлері қаруды 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Алматыдағы Президент резиденциясын қорғау кезінде қолданды. Шабуылдаушыларға қарсы оқ Президенттің мәлімдемесінен бұрын атылды. Осы тақырып төңірегіндегі пікірталас қоғамдық пікірмен бұрмалануда. Құқық қорғау қызметі, Ұлттық гвардия, лаңкестікке қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес, қауіпсіздік күштеріне қылмыскерлерді көздеп ату үшін арнайы команда қажет етілмейді, - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Барлық жаңалықтар