00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

3 желтоқсаннан бастап Кувейттен Қазақстанға жаңа рейс іске қосылады

31.03.2023 | 20:01
Елорда ақпарат
49

Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері осы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады, - деп жазылған хабарламада.

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Барлық жаңалықтар