00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«ҚазМұнайГаз» әрбір қазақстандыққа 700 мың теңгеден астам қарыз екені рас па

31.03.2023 | 19:46
Айман Нығмет
32

Әлеуметтік желіде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның әрбір азаматына 749 983 теңгеден қарыз екендігі туралы жарнама таратылуда. Ақшаны алу үшін арнайы платформада тесттен өту керек екені жазылған, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz порталына сілтеме жасап. 

Ірі акционерлік қоғамның қазақстандықтарға қарыз екендігі мәтінмен жарнамалық хабарландыру Mundo Materno Turnos аккаунтының атынан жарияланған. Facebook әлеуметтік желісінде ондай аккаунт бар, бірақ оның Қазақстанға да, ҚазМұнайГаз компаниясына да қатысы жоқ. Бұл испан тілінде сөйлейтін аналарға және болашақ аналарға арналған қоғамдастық. Парақшада босануға дайындық және нәрестелерге күтім жасау бойынша кеңестер ұсынылады. 2021 жылдың шілдеден бері парақша жаңартылмаған. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ресми сайтында компания ақшалай ұтыс ойынын өткізбейтіні және азаматтарды инвестиция салуға шақырмайтыны туралы хабарландыру жарияланған. 

ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие, – делінген сайтта. 

Қорыта келгенде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қазақстандықтарға қарыз екені туралы ақпарат – фейк.

Барлық жаңалықтар