00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биыл 186 кәмелет жасына толмаған бала және жасөспірімге іздеу жарияланды – ІІМ

31.03.2023 | 19:41
Елорда ақпарат
16

Елімізде 9 айдың ішінде 2075 адам жоғалған. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық сатистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша биыл  9 айда 2075 хабар-ошарсыз кеткен. Оның ішінде 1189 адамның қайда жүргені анықталды. Ал қалған 801 адам бойынша жалғасып жатыр, - деді ол.

Нұрлан Темірбаевтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 186 кәмелет жасына толмаған бала және жасөспірімге іздеу жарияланды.

Бүгінгі таңда 176 хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандардың мекені анықталды. Ал 6 жасөспірімге іздестіру әлі жүріп жатыр. Оның ішінде Шымкент қаласы – 2, Алматы қаласы - 1, Алматы облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Түркістан облысы - 1 жасөспірім, - деді Н.Темірбаев.

Барлық жаңалықтар