00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

4-сынып оқушылары әлімжеттік кесірінен мектепке барудан бас тартқан

31.03.2023 | 17:58
Елорда ақпарат
32

Атыраудағы мектептердің бірінің 4-сынып оқушылары әлімжеттіктің кесірінен сабаққа барудан бас тартты. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтады. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, деп хабарлады Elorda.info «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқушылардың бірінің анасы жақында оның 4-сынып оқушы баласының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және әкесінің әмиянынан рұқсатсыз ақша алып кеткенін байқаған. Әлеуметтік желіде әйел оқиға туралы жазыпты. Екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтқан.

Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды.

Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан, – деп түсіндірді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Білім беру мекемесі басшылығына мектеп оқушыларының ата-аналары да өтініш білдірген екен. Әкімшілік мектеп жанына орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда ештеңе табылмапты.

Барлық жаңалықтар