00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елде Жоғары сот кеңесі қанша судьяны қызметінен алған

31.03.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
30

Биыл Жоғары сот кеңесі 47 судьяны тәртіптік жаапкершілікке тартқан, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, биыл Жоғары сот кеңесі 9 судьяны лауазымынан  алған. Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенованың айтуына қарағанда бұл мәселеде әр жылдың статистикасы әртүрлі.

Тәртіптік жауапкершілікке істі қарау кезінде заңды өрескел бұзған судьялар ғана тартылады. Бірақ бұл туралы апелляциялық немесе кассациялық инстанция белгілеуі керек. 2019 жылдан бері 60 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылы - 66, 2021 жылы - 71, 2022 жылдың он айында 47 адам жауапқа тартылды. Соның ішінде қызметтен босатылғандар туралы айтсақ, 2019 жылы 12 адам қызметтен алынды. Бұл - қарауға түскендердің 20 пайызы деген сөз. 20 адам сөгіс, 29 адам ескерту алған. Яғни, 50 жауапқа тартылғанның жартысына ескерту жарияланған. 2020 жылы 12 адам лауазымнан босатылса, 2021 жылы екі адам қызметтен алынды. Биыл 10 айда 9 судья лауазымынан босатылды, - деді кеңес мүшесі.

Жоғары сот кеңесінің тағы бір мүшесі Айгүл Қалимұқашева бұл жердегі «заңды өрескел бұзу» ұғымына қандай әрекеттер жататынын айтты.

Заңды өрескел бұзуға - заң талаптарын біле тұрып бұзу және заңды дұрыс білмеу фактілері жатады. Осы сипаттағы әрекеті үшін судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылады, - деді Айгүл Қалимұқашева.

Барлық жаңалықтар