00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруға мораторий енгізілді – министр

31.03.2023 | 16:48
Елорда ақпарат
43

Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алпыс бір жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы бірінші қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер тағайындау кезеңінің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылатын болады, - деді Ә.Қуантыров.

Сондай-ақ министр нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірленетінін айтты.

Адам өлтіру, қарақшылық жасау және тағы басқа сияқты ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату доғарылады, - деді министр.

 

 

Барлық жаңалықтар