00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

eGov.kz порталында жаңа сервис іске қосылды

25.02.2023 | 12:46
Елорда ақпарат
47

Қазақстандықтар мүлік кепілін сату кезінде, нотариустарда, банктерде және басқа да ұйымдарда тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік нысаны мекенжайының өзгеру тарихын мұрағаттық мәліметтерді тексеру бойынша жаңа сервисінің көмегімен көре алады. Жаңа сервис тіркеу рәсімдері кезінде мекенжайдың тіркеу кодын қолдана отырып, сұратылған ұйымдарға жылжымайтын мүлік мекенжайының өзгеруі туралы мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді, - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарламасында.

Мысалы, көше атауы немесе үйдің нөмірі өзгерсе, бірақ құжаттарда ескі мекенжай көрсетілсе, енді ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.

Бұрын жылжымайтын мүлік мекенжайын өзгерту туралы анықтама ХҚКО-дан алынатын. Бұл жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде қиындықтар туғызатын және көп уақыт алатын. Енді мемлекеттік сервисті пайдалана отырып, мүліктің нақты мекенжайын растауға болады. Айта кету керек, мұнда тек мекенжайдың өзгеру тарихы ғана көрсетіледі.

Көптеген қазақстандықтар мұндай жағдайға үйінің мекенжайы өзгерген кезде тап болады. Бірақ жылжымайтын мүлікті сату кезінде нотариустар мен банктер мекенжай өзгерту туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге мәжбүр. Бұған дейін азаматтар аталмыш анықтаманы жылына 3 миллион рет алатын. Қажеттілікті ескере отырып, нотариустар мен банктерге сол анықтамаларды сұратуға тыйым салуға және жаңа сервисті пайдалануға мүмкіндік беретін сервис әзірледік, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Осы сервистің аналогы eGov mobilе мобильдік қосымшасының көмегімен «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде де ұсынылады.

Барлық жаңалықтар