00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Енді eGov mobile қосымшасына тек биометрия арқылы ғана кіруге болады (ВИДЕО)

25.02.2023 | 11:40
Елорда ақпарат
54

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, енді eGov mobile қолдану үшін Digital ID бейне тексеруден өтіп, ЭЦҚ кілтін алу қажет. Авторизациядан өту үшін eGov Mobile қосымшасын ашу қажет.

Ол үшін:

  • «Кіру» батырмасын басыңыз;
  • ID тексеруден өтіңіз (ол үшін «жалғастыру» тетігін басыңыз);
  • ұялы телефон нөмірін енгізіңіз;
  • алты таңбалы SMS кодты енгізіңіз;
  • бейне тексеруден өтіңіз;
  • жеке басты куәландыратын мәліметтерді енгізіңіз;
  • ЭЦҚ үшін пароль ойлап табыңыз;
  • электрондық поштаны енгізіңіз;
  • жылдам кіру кодын енгізіңіз.

ЭЦҚ арқылы авторизациядан өткеннен кейін қосымшаға кейінгі кіру Face ID, Touch ID және қысқа кодтың көмегімен жүзеге асырылады.

Айта кетсек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭСҚ кілттері арқылы жүзеге асырылып келген еді.

Жаңа өзгерістер қосымшаны пайдалануды ыңғайлы етеді әрі қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталады.

Еgov Mobile мобильді қосымшасында 400-ге жуық қызмет қолжетімді.

Барлық жаңалықтар