00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мектеп лагерін таңдау кезінде нені ескеру керек

25.02.2023 | 08:35
Елорда ақпарат
41

Нұр-Сұлтан қаласының сыртында лагерьлер жоқ. 2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясына байланысты мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын тоқтатқан болатын. 2022 жылы 94 білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерьлер жұмысы ұйымдастырылды. Жазғы лагерьлердің 92-сі мектептен ашылса, екеуі  М.Өтемісов пен әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайыннан ашылды. Олар үш маусымда жұмыс істейтін болады. Мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балалардың жоспарлы саны 81600. Елордада жазғы демалыспен 176 мыңнан астам оқушы қамтылады. Балаларға бірнеше бағыт бойынша демалыс ұйымдастырылады. Балалар еңбек, экологиялық, шығармашылық лагерьлерге, әртүрлі мекемелердегі қызығушылықтары бойынша клубтар мен үйірмелерге, спорттық-туристік бағыттар бойынша жорықтар, туристік таныстыру сапарларына барады, «Дидарлы жаз», «Айбынды маусым» лагерьлерінің жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдары мен залдарына барады. Бұл ретте 1755 бала тегін қамтылады. Зияткерлік бағыттары бойынша «Жас Ұлан», «Жас қыран» мүшелері көшбасшыларының жазғы мектептері, жазғы тіл мектептері, дебат лагерлері ұйымдастырылады.

          Елорданың білім беру мекемелерінде оқушылар үшін жазғы демалыс ұйымдастырылып, жоспарланған.

 Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Жұмағұлованың айтуынша, балалардың демалуына арналған нысанды таңдау кезінде ата-аналар мына жағдайларға назар аудару керек:  

  • Рұқсат беру құжатының – объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуына назар аудару;
  • Лагерьдің медицина қызметкерін балалардың созылмалы ауруы немесе аллергиясы бар екендігі туралы, белсенді демалыс үшін спортпен шұғылдану, су рәсімдері және т. б. кезіндегі қарсы көрсеткіштер туралы алдын ала ескерту;
  • Балаларға қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіру;
  • Күн сайын балаларға тыйым салынған жерлерде, соның ішінде қалалық субұрқақтарда шомылу өте қауіпті екенін ескерту.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар