00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

25.02.2023 | 07:56
Елорда ақпарат
35

Қаржы мониторингі агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат Ибулла Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Ибулла Сердіні көрген не ол туралы қандай да ақпарат белгілі болған жағдайда ҚМА сенім телефонына (+7 7172 708 478, +7 7172 767 921) немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен жайы бойынша хабарласуға болады.

Осы ретте ведомство іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген азаматқа ақшалай сыйақы белгіленетінін, анонимділікке кепілдік берілетінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар