00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Өлі суға айналмауы керек»: экобелсенді Кіші Талдыкөл маңына парк салуға қатысты пікірін айтты

24.02.2023 | 23:58
Елорда ақпарат
43

Қазір Кіші Талдыкөлдің бір бөлігі ғана қалған. Оған су келмейді, құрғап жатыр. Сол жаққа эко-парк салу туралы ұсынысты біз айтқан болатынбыз. Әкімдік ұсынысымызды қабылдағанына қуаныштымыз. Енді ол маңдағы тіршілік жанданатын болады. Халық демалатын, табиғаты таза жаңа жер пайда болады, – дейді ол.

Эко-белсендінің айтуынша, ендігі мәселе – Кіші Талдыкөлді сумен толтыру болып отыр.

Оған келетін су жоқ. Су келіп-кетіп тұрмаса, көл сасып кетеді. Сондықтан бүгінде оған суды қалай жеткіземіз, соны талқылап жатырмыз. Талдыкөл өлі суға айналмауы керек, – деп қорытындылады сөзін Азаматхан Әміртай.

Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігі Кіші Талдыкөл маңына экопарк салуға 1 млрд теңге бөлінетіні туралы хабарлаған болатын.

Барлық жаңалықтар