00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Өте күрделі мәселе»: Энергетика министрі елімізде АЭС салу туралы айтты

24.02.2023 | 23:21
Елорда ақпарат
39

АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па - ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр және т.б. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес, - деді ведомство басшысы ОҚК онлайн брифингінде.

Министрдің айтуынша, генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза, бірақ оның қоры шектеулі.

Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе өте нәзік, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ, - деп қосты Болат Ақшолақов.

Барлық жаңалықтар