00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Илон Маск өзінен ақша сұраған студентті әлеуметтік желіде бұғаттап тастады

24.02.2023 | 23:06
Елорда ақпарат
25

Мен Tesla және SpaceX фанатымын, сондықтан Илон Масктың жеке ұшағы бар екенін білгенмін. Осы бот Масктың қайда барып, немен айналысып жүргенін түсінуге көмектеседі деп ойладым, – дейді Суини.

Жас жігіттің айтуынша, былтырғы қараша айында Масктың өзі онымен хабарласып, әлгі аккаунтты өшіруді өтініп, есесіне 5 мың доллар ұсынған. Суини оған жауап ретінде 50 мың доллар сұраған, бұл қаражатты ол колледждегі оқуының ақысын төлеуге немесе Tesla Model 3 көлігін сатып алуға жұмсамақшы болған. Жексенбі күні Маск жігітті барлық әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған.

Қаншама еңбек пен қажыр-қайрат кетті, соның бәрін тастау үшін 5 мың доллар тым аз, – дейді студент. 

Суини сонда да Маскпен келісімге келетініне үмітті. Ол сондай-ақ Билл Гейтс, Джефф Безос секілді басқа да танымал адамдардың жеке ұшақтарын бақылау бойынша өз бизнесін бастады. 

Ұшақтарды бақылаумен айналысатын компаниялар миллиондаған ақша табады. Мен олардың кірісінің аз ғана үлесін алсам да риза болар еді, – дейді Суини.

Барлық жаңалықтар